Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Күйіп қала жаздадық». Қарағанды облысының Қушоқы кентінде пәтерлердегі жылу құбырлары жарылып жатыр

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
1193
«Күйіп қала жаздадық». Қарағанды облысының Қушоқы кентінде пәтерлердегі жылу құбырлары жарылып жатыр

«Күйіп қала жаздадық». Қарағанды облысының Қушоқы кентінде жылудың тұрақсыздығынан пәтерлердегі батареялар жарылып жатыр. Жұрт «қыс басталғалы құбырлар қайта- қайта істен шығып, құтымызды қашырды»,- деп шағымдануда. Ал жергілікті әкімдік бұған не дейді? Мәселенің мән- жайын Айжан Қуаш білді.

Қарағанды облысының Қушоқы кентінде жылу жоқ емес, бар. Бірақ құбырлар қайта- қайта істен шығады.

Күлзия ШЕКЕР, ҚУШОҚЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жарылып кетті мына мына судың воздух келгеннен болып, мен күйіп қала жаздадым. Қайта көршілерім көмектесті. Екі жыл. Биыл тағы краник атылып кетті жап- жаңа салып қойған. Трубаның бәрі жап-жаңа.

Жылудың тұрақсыздығынан әсіресе екі қабатты үйлерде тұратын қарттар жапа шегіп отыр. Соңғы рет біразының құбырлары қатып, оны ауыстыруға тура келген.

Галина ШЕВЦОВА, ҚУШОҚЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Апат болды, тез батарейлардан суды төгіңіздер,- деп хабарлайды. Жөндеуге кейде 1 жарым күн кетеді. Біздің үйлерде суды шатырдағы құбырлардан төгу керек. Оған шыға да алмаймыз. Балаларымызды шақырамыз, ал олар жоқ болса қатып қалады.

Бүгін тұрғындар Қушоқы кентінің әкімімен кездесіп, мәселені шешуді сұрады. Кент басшысының айтуынша, жылу жүйесінде апат болғаны рас. Жылу жүйесі ескіргенімен елдімекендегі қазандықтың жұмысында кінәрат жоқ. Тұрғындар үйлеріндегі құбырларды ауыстырмағандықтан жылу тұрақсыз,- дейді.

Халел РЫСБЕКОВ, ҚУШОҚЫ КЕНТІІНҢ ӘКІМІ:

2018 жылы қазандықтарды «Қазақмыс» Корпорациясы атқарушы билікке тапсырды. Барлығы апатты жағдайда болған. Біз былтыр бір қазандықты толығымен жөндедік, резервте тағы екі қазандық бар. Жыл сайын мемлекеттен олардың жұмысына 200 млн теңге бөлініп отыр. Жылу жақсы беріліп отыр. Мәселе тұрғындардың үйлерінің дайын еместігінде, олардың подвалы, құбырлары ескірген. Оның барлығын ауыстыруы керек.

Абылай СҰЛТАНҒАЛИ, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүкіл кент бойынша жылу құбырларын ауыстыру үшін мына үйлерге дейінгі жылу құбырларын ауыстыру үшін 500 млн сомасында қаражат керек. Қазір біз қаражат көздерін қарастырып тапсырыс беріп жатырмыз қаражатқа. Оның бәрі шешеліген жағдайда біз осы жазғы маусымда келесі жылу маусымына дейін бұл жұмыстардың бәрін жүргізіп үлгереміз.

Ал жеке сектор тұрғындары мал жаятын жайылым мен шөп шабатын жер таппайды. 4-5 ірі қараны асырау үшін бірнеше жұмысқа орналасуға мәжбүр.

Павел ДАНИЛОВ, ҚУШОҚЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мал жаятын жердің бәрі біреулер иемденіп алған. Шөп те шаба алмаймыз. Жем- шөп қымбат. Мал ұстағың келеді. Өзім жөндеушімін, тым болмаса шөпке сеп болсын деп таксиге шығып жүрмін.

Жеке сектор тұрғындары қыста тіпті көшеге шыға алмай қалатындарын айтады. Қар мүлде тазартылмайды дейді. Жол да нашар. Алайда бүгінгі кездесуде бұл мәселелердің нақты шешімі табылмады. Жергілікті билік жеке мүлік иелерінің бірлестігі өкілдерімен кездесіп, үйлердің техникалық жағдайын жақсартуды талап етпек.