Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шуда қант зауыты салынады

AstanaTV
07.02.2023ж. 14:27
1392
Шуда қант зауыты салынады

Шу қаласында жаңа қант зауыт салынады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты. 

Министрдің айтуынша, елімізде қант тапшылығына қатысты проблема болмайды. «Өткен жылы елімізде 306 мың тонна қант өндірілді. Бұл өте жоғары нәтиже. Себебі бұған дейін көрсеткіш жылына 100 мыңнан сәл жоғары болған», - дейді ол.

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ;

Елімізде тағы бір қант зауытын салу мәселесі ұзақ уақыт талқыланып келді. Түріктің Konya компаниясымен бірлесіп Шуда қант зауыт салынады. Қазір аталған жобаны қарастырып жатырмыз. Қант саласын дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін өндірісті 270 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді.