Анадолы елінде зілзаладан зардап шеккендерге Халықаралық Түріксой ұйымы да көмектесуде. Арнайы шатыр тігіп, үй-күйсіз қалғандарды орналастырмақ. Жылы киім, ас-ауқатпен қамтамасыз етеді. Газиантеп қаласындағы жағдайды Қазақстанның Халықаралық Түріксой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар баяндап береді.
Бақытжан ОМАР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРІКСОЙ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ӨКІЛІ:
Біз қазір Газиантеп қаласындамыз. Зілзаладан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі. Бұл жақта да 400-ден астам ғимарат қираған. Бір қаланың өзінде, әрине адам шығыны тағы бар. Халықаралық Түріксой ұйымының ұжымы болып біз таңертең осы Газиантеп қаласына жеттік. Қазір Бекет деген аудандамыз. Міне, артыма қарасаңыздар мына үйлердің бәрінде, тұрғындары сақтық шараларына байланысты үйлерін тастап көше кезіп жүр. Түріксой ұйымының ұжымы болып, волонтерлер бар. Міне, мынадай шатырлар құрып жатырмыз қазір. Азанда басталған шара кешке дейін бітеді. Жалпы 450 шатыр құру жоспарымызда бар. Жалпы қаладағы ахуал бір қалыпты. Үйінділердің астында адамдар әлі жатыр дейді. Осы сала мамандары, құтқарушылардың айтуы бойынша. Енді жалпы, алапат зілзаладан кейін күнде бірнеше рет дүмпулер болып жатыр. Қатты емес әрине. 3-4, әрі кетсе 5 балл шамасында. Халықта әлі үйрей бар. Осы Газиантеп қаласында бір айта кетерлігі Қазақстаннан келген алғашқы құтқару тобы және дәрігерлеріміз осында күні-түні жұмыс істеп жатыр. Түрік ағайындарымызға көмектесіп жатыр. Бізде Түріксой ұйымы болып біраз көмек көрсетіп жатырмыз. Яғни тұрғындарға қажетті нан, су, балаларға қажетті киімдер, жылы киімдер, көрпелер, жастықтар әкеліп жатырмыз. Тек қана біздің ұйымнан емес, жалпы бүкіл әлімнен мұндай көмектер түсіп жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, жағдай қашан тұрақталары белгісіз.
Б. Сатуов