Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағанды облысында 12 мың жұмыс орны ашылады - әкім

AstanaTV
10.02.2023ж. 21:34
863
Қарағанды облысында 12 мың жұмыс орны ашылады - әкім

Қарағанды облысында 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынбақ. Сондай-ақ, өңірде 12 мың жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Президенттің қабылдауы кезінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әкім Мемлекет басшысына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, инвестиция тарту ісі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы мәлімет берді. Ермағанбет Бөлекпаев 53 ірі жобаны жүзеге асыру қолға алынғанын, нәтижесінде 12 мың жұмыс орны ашылатынын айтты. Оның айтуынша, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді.

«Жергілік органдар құны 18 миллиард теңге болатын 5,5 мың жобаны қаржыландырып 5,8 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар былтыр өңірде 597,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 1,2 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Биыл игерілмей жатқан 580 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр», - делінген әкім баяндамасында.

Мемлекет басшысына әлеуметтік саладағы жоспарлар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде 92 медицина нысаны салынады, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту аясында 2 ауданаралық аурухана құрылады.

Сондай-ақ, Қарағанды медицина университеті жанынан 300 орындық клиника мен 200 орындық перинатальдық орталық салу қарастырылған. Облыста 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынуға тиіс.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың әкімдеріне былтыр өңірлерге жұмыс сапары барысында берген тасырмалары уақытылы әрі сапалы орындалуға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуді және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.