Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мадридтік «Реал» клубтык әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

AstanaTV
12.02.2023ж. 11:28
806
Мадридтік «Реал» клубтык әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Марокко астанасы Рабат қаласында өткен футболдан клубтық әлем чемпионатында Мадридтің «Реалы» жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Астана телеарнасы ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Испаниялық клуб финалда Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасымен күш сынасты.

Мадридтіктер 13 минутта есеп ашты. Карим Бенземаның пасын Винисиус мүлтіксіз пайдаланды. Бес минуттан кейін Федерико Вальверде есепті 2:0-ге жеткізді. 26-минутта саудияық Мусса Марега жауап доп соқты.

Екінші кезеңде 54-минутта Винисиустан пас алған Карим Бензема көзге түсті. 58-минутта тағы да Федерико Вальверде мергендік танытты. 63-минутта Лусиано Вьетто есепті қысқартқанымен, алты минуттан кейін Винисиус қос голдың авторы атанды. 79-минутта «Аль-Хиляль» клубынан Лусиано Вьетто матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, 5:3 есебімен жеңіске жеткен «Реал» клубтық әлем чемпионатында үздік шықты.

Бұл мадридтік клубтың түрлі додалардағы 100-інші трофейі еді. Бұл көрсеткіш жөнінен «Реал» каталониялық «Барселонадан» (98 жеңіс, 76 ұлттық чемпионат, 22 халықаралық жарыс) асып түсті.