Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды

AstanaTV
12.02.2023ж. 21:41
878
Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды

Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

9 ақпан таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы А. есімді азаматша бас жарақатымен жеткізілді.

Аталған дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша Ұйғыр аудандық ПБ-де тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласында тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы төрт күдікті ұсталды.

Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматшаның бас аймағына дене жарақатын салғаны анықталды.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.