Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Конькимен жүгіруден ӘЧ: қазақстандық жасөспірім қыздар күміс жүлдегер атанды

AstanaTV
12.02.2023ж. 22:43
1225
Конькимен жүгіруден ӘЧ: қазақстандық жасөспірім қыздар күміс жүлдегер атанды

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінің ақпаратынша, командалық спринтте Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова және Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды.

Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы, спринт жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ.

Өткен жылы Инсбруктегі əлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы (Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Дарья Гаврилова) командалық спринтте 3-орын алған еді.

Осыған дейін Германиядағы додада Алина Дауранова 500 (қола) және 1000 метрде (күміс) жүлде жеңіп алған.

Қазір ұлттық құрама қоржынында 2 күміс пен 1 қола бар. Дүниежүзілік дода бүгін мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын конькиші Алина Дауранованың әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.