$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі үйінді астынан табылды

AstanaTV
13.02.2023ж. 15:48
591
Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі үйінді астынан табылды

Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі үйінді астынан табылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті», - делінген хабарламада.

Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді.

«Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - делінген хабарламада.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах