$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Петропавлдағы мектепте шабуылдан зардап шеккен екі бала жансақтау бөліміне жатқызылды

AstanaTV
13.02.2023ж. 16:02
530
Петропавлдағы мектепте шабуылдан зардап шеккен екі бала жансақтау бөліміне жатқызылды

Петропавлдағы мектепте шабуылдан зардап шеккен екі балаға шұғыл ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 13 ақпанда сағат 8:26-да жедел жәрдем Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақат алған үш баланы жеткізген.Зардап шеккендердің біріне алған жарақатының сипатын және стационарға жатқызу қажеттілігінің жоқтығын ескере отырып, жедел жәрдем бөлмесінде көмек көрсетілді, амбулаторлық ем тағайындалды.

"Екі зардап шегушіге шұғыл ем қажет болды, науқастар шұғыл түрде операция бөлмесіне жеткізілді, жараларды анестезиямен хирургиялық емдеу, бірқатар қажетті диагностикалық шаралар, мамандар кеңесі жүргізілді. Қазіргі уақытта екі баланың да жағдайы тұрақталды, науқастар жансақтау бөлімінде жатыр", - деді баспасөз қызметі тілшісіге.

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарлаған едік.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах