$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бразилияда жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан 36 адам қаза тапты

AstanaTV
20.02.2023ж. 12:30
998
Бразилияда жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан 36 адам қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатының жағалау аймағында тоқтамай жауған жаңбырдың соңы жойқын су тасқыны мен лай көшкініне әкеп соқты. Соныңи салдарынан 36 адам қаза тапты. Жергілікті G1 порталының хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 600-ден астам адам баспанасыз қалған.

«Соңғы күндері үздіксіз жауған нөсер жаңбыр жексенбі күні 19 адамның өмірін қиса, бүгін құрбан болған саны 36-ға жетті. Сондай-ақ Сан-Паулуда көбінесе жағалауда орналасқан бірнеше аудан тұрғындары зардап шекті. Дауыл салдарынан су тасқыны, лай көшкін болды, жүздеген адам баспанасыз қалды, Рио-Сантос, Можи-Бертиога және Тамойос тасжолдары жабылып қалды», - деп жазады басылым.

Сонымен қатар үйі су астында қалған 550 адам эвакуацияланды. Қиын жағдайға байланысты тікұшақ құтқарушылары Сан-Себастьян қаласында жағалау маңындағы ауданның үйінді астында қалған тұрғындарына жылдам жете алмады.

Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, карнавал бағдарламасын тоқтатты, Бразилия армиясы зардап шеккен аймаққа әскери ұшақтар жөнелтілетінін хабарлады.

Айта кетсек, жақында AMANAT-тың Партиялық бақылау комитетінде су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды. Бүгінде еліміздегі 255 елдімекен су басу қаупі бар аймақтарда қалып отыр және онда 127 мыңнан астам үй мен 700 мыңнан астам адам бар. Соған қарамастан, ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильиннің айтуынша, былтыр су тасқынына қарсы атқарылған жұмыс 213 елдімекеннің су басу қаупін болдырмауға және 120 мыңға жуық үй орналасқан өзге де 580 елдімекендегі қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік берді. Онда 550 мыңнан астам адам тұрады.

Комитет мүшелері су тасқыны қаупі бар өңірлердегі түйткілді мәселесі көп гидротехникалық құрылыстарда партиялық бақылау бекеттерін ашу жөнінде қаулы қабылдады.