$478.96 €533.03 ₽5.22
×

«Жастарға өз ойын жеткізе алатындай жаңа платформалар қажет»,- «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогы өкілдері

20.02.2023ж. 20:00
1859
«Жастарға өз ойын жеткізе алатындай жаңа платформалар қажет»,- «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогы өкілдері

«Жастарға өз ойын жеткізе алатындай жаңа платформалар қажет». «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері осылай дейді. Олар Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында аталған блогтың жұмысы туралы айтты. «Жастар үнінің» мақсаты - сайлауға қатысып жатқан, қоғамдық пікірін ашық білдіріп жүрген әр саланың белсенді жастарына ақпараттық қолдау көрсету. Ешкімді бөліп-жармайды. Бастысы– кандидат 21-35 аралығындағы жас болуы тиіс. Блог өкілдері өз білімімен, идеясымен ерекшеленген белсенділерге әлеуметтік желілер арқылы жаңа платформалар ұсынып, заманауи пікірталастар ұйымдастыратындарын жеткізді.

Нұрсұлтан ҚҰРМАН, ЖУРНАЛИСТ:

Биыл жастарға көп мүмкіндік беріліп отыр. Ниеттілер өте көп. Бірақ баршасының амбициясы бар да, жұмыс істеу жоспары да бар. Бірақ осы сайлау барысында жұмысты қалай жүргіземін, қалай насихат жасаймын – ондай ешқандай платформа дайындалмаған. Сондықтан кәсіби мамандарды, жақсы жұмыс істей алатын азаматтарды, ойын жақсы, тиянақты жеткізе алатын азаматтарды қолдау – басты мақсат.