Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қызылжарда контрабандалық жолмен тасымалданған 50 мың дана киім тәркіленіп, әлеуметтің осал тобына таратылмақ

20.02.2023ж. 20:00
843
Қызылжарда контрабандалық жолмен тасымалданған 50 мың дана киім тәркіленіп, әлеуметтің осал тобына таратылмақ

Қызылжарда контрабандалық жолмен тасымалданған киімдер тәркіленді. Енді ол әлеуметтің осал тобына таратылады. Бұл туралы экономикалық тергеу департаментінің мамандары хабарлады. 2014 жылы Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге заңсыз жолмен тасымалданған ірі партияның жолы кесілген. Жүк көлікке тиелген сөмкелердің ішінде 50 мың дана киім болған. Арасында ойыншықтар мен тұрмыстық заттар да бар. Тергеу бірнеше жыл бойы жалғасып, соттың шешімі енді ғана жарияланды. Сот үкімімен тәркіленген айғақ заттар мемлекеттің меншігіне өтті. Киімдер жақсы сақталғандықтан құзырлы орган мамандары оны әкімдікке тапсыруды жөн көрген.

Елена БЕЛОУС, СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Киімдер су жаңа, көп жыл жатса да мүлдем ескірмеген. Қазір жергілікті әкімдік әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімін дайындап жатыр. Біз бұл киім-кешектің мақсатты таратылуын қадағалап отырамыз. Мұндай тәжірибе бізде алғаш рет болып отыр.