Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде мектеп өртеніп, мыңға жуық адам эвакуацияланды

22.02.2023ж. 20:00
932
Ақтөбеде мектеп өртеніп, мыңға жуық адам эвакуацияланды

Ақтөбеде №23 мектеп-лицейінде өрт шығып, ұстаздар мен оқушылар эвакуацияланды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын дер кезіңде ауыздықталған. Бүгін таңғы сағат сегіздің шамасында мектептің бірінші қабатында орналасқан кабинеттен өрт шыққан. Шаруашылық меңгерушісінің кабинеті түгел жанып кеткен. Білім ордасындағылар түгел қауіпсіз жерге шығарылды. Қазір өрттен келген шығын анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Меткүл ҚОСЫМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бірінші ауысым балдары қайтарылды. Қазіргі таңда мектептің ғимараты ішінде иіс бар. Сондықтан тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінге электр проводтардың барлығын тексеріп жатыр.