Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде пара алған мектеп директорының ісі сотқа жетті

23.02.2023ж. 20:00
1115
Ақтөбеде пара алған мектеп директорының ісі сотқа жетті

Ақтөбенің Шалқар ауданы №6 мектептің директоры пара алды деген күдіктен ұсталды. Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, мектеп директоры 600 мың теңге көлемінде пара алған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрылады. Айыппұл салынады немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айжамал СҮНДЕТ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Шалқар аудандық сотында айтарлықтай мөлшерде пара алу айыбымен, яғни Қылмыстық кодекстің 366 бабы 2-бөлігімен сотқа берілген мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Осы іс бойынша басты сот талқылауы 27 ақпанға белгіленді.