Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Пайызсыз несие»: алаяқтар Telegram арнасында белсенді жұмыс істеуде

27.02.2023ж. 20:00
1052
«Пайызсыз несие»: алаяқтар Telegram арнасында белсенді жұмыс істеуде

ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Елде екі газ өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жоба Қашаған кен орнында іске асырылмақ. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады. Мұнан бөлек кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталып жатыр. Жобаны екі кезеңде іске асыру жоспарланған.

3 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІМ ТҮСТІ

1 ақпаннан бастап жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге субсидия алуға gosagro.kz порталына 3 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Еске салайық, жүйеде «күту парағы» тетігі іске қосылған, онда бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтінімдер келіп түседі. Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша іс-әрекетсіз тек «күту парағындағы» өтінімдер бойынша автоматты түрде бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.

САУДА-САТТЫҚ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

АҚШ-тың Қазақстанға құйған тікелей инвестициясы былтыр тоғыз айдың өзінде бес млрд доллардан асқан. Яғни, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60%-ке жуық артты. Бұл -екі жақты байланыс тарихындағы ең үлкен көрсеткіш. Еліміз негізінен мұнай, металл бидай өнімдерін экспорттаса, АҚШ-тан автокөлік, қондырғылар, құс еті, дәрі-дәрмек, вакцина секілді түрлі тауарларды сатып алады. Тек сауда саттықпен шектелмей, Қазақстанға қаржы құйып, жаңа бизнес көздерін ашуға ниетті АҚШ компанияларының қатары көбейді. Былтыр америкалық кәсіпкерлер еліміздің экономикасына шашамен алты миллиард доллар құйған.

ПАЙЫЗСЫЗ НЕСИЕ

Соңғы кезде Telegram арнасы арқылы пайызсыз несие ұсынатын алаяқ көбейген.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, олар өз арналарын белсенді түрде жүргізіп, «Біздің компания ақшаға мұқтаж адамдардың бәріне көмек көрсетуге дайын», «Сіз ресми түрде жұмыс істемейтін болсаңыз да, кредитке кепілдік береміз» тәрізді жарнамалық жазбаларды күн сайын жариялап отырады. Пайдаланушы арнаға қосылған уақытта алаяқтар өздерінің базасына оның профилінің деректерін автоматты түрде енгізеді және өзінің болашақ құрбанымен Telegram арқылы не WhatsApp желісінің көмегімен хат-хабар алмасып, сенімге кіреді. Осылайша, тұрғындар сан соғып қалғанын білмей қалады дейді жауаптылар. Құзырлылар мұндай жағдайда жергілікті полицияға арыз түсіріп, жеке шоттарыңызды банктерге хабарласу арқылы бұғаттап тастауға кеңес береді.