Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Интернеттің бағасы сапасына сай ма?

AstanaTV
27.02.2023ж. 20:00
1376
Интернеттің бағасы сапасына сай ма?

Қазақстан интернет желісі арзан елдердің қатарында. Десе де, сапасына айтылар сын көп. Тіпті ғаламтор түгілі ұялы байланыс ұстамайтын ауылдар бар. Қалалықтар да мобильді интернеттің жылдамдығына жүйкелері жұқарып болды. Интернеттің бағасы мен сапасын Мирас Жолдыбалин салыстырып көрді.

Мирас ЖОЛДЫБАЛИН, ТІЛШІ:

Менің минуттарым тағы айға жетпей таусылып қалды. Мамандығым журналист болғандықтан ақпарат алу үшін күніне көптеген адамға қоңырау шаламын. Тарифпен берілетін минуттар жетпейді. Амал жоқ тағы бірлік салуыма тура келеді.

Еліміздегі мобильді интернет тарифының ең арзаны 2000 теңгеден басталып, қымбаты 5000 теңгеге дейін барады. Ондағы берілетін минуттар мен мг-тар өте аз. Минуттарыңыз таусылып, тарифты қайта салсаңыз мг-да күйіп кетеді. Бірақ жауаптылар елімізде интернет бағасы арзан деп отыр.

Ерхан ТӘТКЕН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Кабель компаниясының зерттеуіне сәйкес Қазақстан осы интернеті арзан елдердің арасында 11 орынға жайғасты. Интернеттің арзан болуына әртүрлі факторлар әсер етеді.Тиісті инфрақұрылымдық жағдайлардың жасалуы. Қазақстанда көптеген базалық станциялар салынып жатыр. Ауылдарға интернет жеткізу мәселесі бір күндік шаруа емес.

Қазақстанда мобильді интернет саласында үлкен монополия қалыптасқан. Сарапшылар, нарықта бәсекелестік болмай мобильді интернеттің сапасы жақсармайды, дейді.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Біз мына арзан мемлекеттердің қатарына қалай қосылдық, себебі бізде мына бәсекелестік орта. Енді біздікі 2022 жылы төмен түскен шығар, бірақ біз мына Өзбекстан, Ресей, Түркия сияқты мемлекеттермен бірдейміз. Яғни жағдайымыз бір. Сұраныспен ұсынысымызда бір, кейін бізде бәсекелестік орта қалыптасқан.

Елімізде интернет бағасы өзгелермен салыстырғанда арзан болғанымен, сапасы өте нашар. Ауыл түгілі қаланың өзінде мобильді интернетің жылдамдығына жүйкең жұқарады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ондағы тарифтер әртүрлі ғой. Шынымды айтсам менің көңілім толмайды. Ақшасының бағасы тым жоғары. Бір ай болмай жатып мгб бітіп қалады.

- Жеке өзімдікіне көңілім толады. 3000 мың теңгелік тариф. Қымбат емес.

- Жоқ көңілім толмайды. Себебі біресе бар, біресе жоқ интернет. Бағасы пойдет. Енді сапасы бағасына сай емес қой.

Қызмет көрсету мен құжаттардың барлығы сандық технологияға көшіп жатыр. Әрине, көпшілік жұмысты жылдам бітіру үшін интернеттің сапалы болғанын қалайды.

М. Жолдыбалин