Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ЭРО деп аталатын сирек кездесетін ауру қазақстандықтың бойынан табылды

27.02.2023ж. 20:00
1744
ЭРО деп аталатын сирек кездесетін ауру қазақстандықтың бойынан табылды

Экстра-реналь-ды экстра-крани-альді раб-доидты ісік яғни қысқаша ЭРО деп аталатын сирек кездесетін ауру қазақстандықтың бойынан табылды. Балалар онкологиясындағы қатерлі ісік өте агрессивті мінез-құлықпен әрі жылдам метастазбен сипатталады. Әлем бойынша бұл дертке екі-ақ адам шалдыққан.

ЭРО деп аталатын ісіктің бірі Америкада, екіншісі елордалық 3 жастағы Марьям Байлинадан анықталған. 2 жыл бұрын қыз баланың оң жақ қолы қақсап, 10 ай бойы Астанадағы орталықта 9 химиотерапия мен 28 сәулелік терапия алып, жағдайы сәл-пәл жақсарған. Ол кездегі диагноз өзге еді. 3 айдан соң қайта тексерілгенде метастаз анықталып, ауру асқына түсті. Отбасы мен туыстары дереу қаражат жинап, қосымша қор ашып, Марьямды Түркияға жіберді. Әлемдегі үздік дәрігерлердің бірі бірден баланы мазалаған ауруды дөп тапты.

Гүлстан БАЙЛИНА, М.БАЙЛИНАНЫҢ ӘЖЕСІ:

Дұрыс диагноз қойып берсе екен деп, Турцияға жібердік. Метастаз кетпеу үшін, тез ем қабылдауымыз керек деді. Ребенок может не выжить деді. Бүкіл халқыма мың алғысымды білдіргім келеді. Аяқ астынан қаншама сбор жасап, беріп жатыр шамалары келгенше, сол жаңағы 1 химияға жетті. Кім ойлады немерем ауырады деп. Кішкентай ғана қызымыз өмір сүру керек деп ойлаймын.

Бүгінде Марьям анасымен Түркияда 1 химиотерапияны алып болды. Әлі бесеуі бар. Яғни жарты жыл бойы Ыстамбұл дәрігерлері дерт дендеген балаға дем беруге тырысады. Тиісті қаражат жиналса, әрине...Кеселмен күресу үшін әлі 12 млн теңгеден астам ақша жетпейді.

Тәрбие БАЙЛИНА, М.БАЙЛИНАНЫҢ АНАСЫ:

Әр химиотерапиядан соң 21 күн өз өзіне келу керек. Химиотерапиядан кейін тәбеті жоқ әрі жүйке жүйесіне әжептеуір әсер етіп жатыр. 3 күн сайын анализ тапсырып, жағдайын тексереді. Әлі жобамен жарты жылдай емделу керек. Қазақстанда диагноз алғашқыда дұрыс қойылмады. Қайта тексерілгенде метастаз анықталды деді. Яғни ол диагнозы да дұрыс болмай шықты. Оны мұнда Түркияда бірақ білдік.

Даир НҰРҒАЛИЕВ, «UMC» КҚ «АНА МЕН БАЛА» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Балада рецидив. Түркияда рабдоидті ісіктің өте қауіпті түрін анықтады. Ол жақта көрсетіліп жатқан химиотерапияны біз де жасай аламыз. Қажетті барлық дәрі жеткілікті. Ата-анасы Түркияда баруды жөн көрді. Әйтпесе, өзіміздің де емдейтін мүмкіндігіміз бар. Қаласа, еш мәселе туындамайды деп ойлаймын.

Ем алып жатқан жерінен бүлдіршінді анда-мында қозғауға да болмайды дейді түркиялық мамандар. Жағдай кез келген сәтте ушығып кетуі бек мүмкін, өйткені лейкоциттері түсіп кеткен. Сол себепті жақындарының қалауы ем-домды аяғына дейін жеткізу. Әзірге қаражат жіберіп, амандығын тілегеннен басқа амал жоқ.