Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінінің отырысы өтті

03.03.2023ж. 20:00
960
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінінің отырысы өтті

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінінің отырысы өтті. Онда қоғамдық маңызды мәселелер айтылды. Соңғы кезде балалар арасында зиянды әдеттердің кең таралуы, тағдыр тауқыметіне түскен аналарға қол ұшын беру жайы көтерілді. Ол үшін аналар кеңесі қоғамдық, республикалық коалициялармен бірлесе жұмыс істеуге ниетті. Осы мақсатта тараптар меморандумға қол қойған. Басқосуда сондай-ақ, кеңес төрайымы, жиналған қыз-келіншектерді алда келе жатқан мерекемен құттықтады. Арнайы грамоталар табысталды.

Назипа ШАНАЙ, ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазақ аналары "Дәстүрге жол" атты республикалық қозғалыспен бірге аналар кеңесінің жұмысын бірге ұйымдастыру бойынша келісім шартқа қол қойдық. Себебі ұлттық кодты қалыптастырған жағдайда ғана біз, Отанымыздың болашақ патриоттарын тәрбиелеп және ертең осы Отанның негізін қалайтын азаматтарды тәрбиелеп шығамыз деп ойлаймыз.