Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Испания кубогында «Реал» «Барселонадан» жеңіліп қалды

03.03.2023ж. 20:00
460
Испания кубогында «Реал» «Барселонадан» жеңіліп қалды

Ассалаумағалейкум, спортсүйер көрермен! Спорт әлеміндегі соңғы ақпараттармен бөлісейін. Испания кубогының жартылай финалдық кездесуінде «Барселона» «Реалдан» басым түсті. «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен матчты алаң иелері белсенді бастаған еді. 12 минутта Винисиустің тамаша асырған пасын Бензема сәтті пайдаланып, допты қақпаға тоғытқан. Алайда Кәрім ойыннан тыс қалғандықтан, гол саналмады. Есесіне, 26 минутта Франк Кессьенің шабуылына Реал қорғаушылары төтеп бере алмай, Эдер Милитао өз қақпасына гол соғып алды. Бір қарағанда офсайд болып көрінгенімен, төрешілер ереже сай деп есепке алды.

Анчелотти шәкірттері қанша тырысқанымен, ойын есебі өзгеріссіз қалды. Жауапты матч 5 сәуір күні Барселона қаласындағы "Камп Ноу" стадионында өтеді.

Карло АНЧЕЛОТТИ, "РЕАЛ МАДРИД" ФК БАС БАПКЕРІ:

Нашар нәтиже көрсеттік. Барселонаға қарсы жақсы, қарқынды ойнап, қысым жасадық. Тек соңғы сәттерде сәттілік жетіспеді, аяғына дейін жеткізу қиынға соқты. Бұл матч маған сенімділік ұялатты. Жауапты ойында да бүгінгідей ойнасақ, жеңуге бір табан жақын боламыз. Біз жеңілуге лайық емес едік.

Шавкат Рахмонов жекпе-жегі алдында америкалық Джефф Нилмен көз түйістірді. UFC рейтингісінің 9-орнында тұрған Шавкат мінсіз рекордке ие. Ол мансабында 16 рет жеңіске жетіп, мүлдем жеңілмеген, оған қоса барлық жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған. «Номад» UFC-де төрт айқас өткізді. Джефф Нилге келер болсақ, оның қоржынында 15 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. Ол дивизион рангі туралы кестеде 7-орында тұр. UFC президенті Дана Уайт қазақстандық файтерге қатысты пікір білдіріп, кезекті жекпе-жектегі жеңісі чемпиондық белбеуге бір қадам жақындататынын айтты.

Дана УАЙТ, UFC ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол дивизиондағы ең қатігез жігіттердің бірі. Әзірге ешкім оның әлсіз тұсын таба алмады. Бұл жігіт Чимаевтан басқа файтерлерді алаңдатып отыр. Егер жеңсе, бізде чемпиондыққа үміткер тағы бір адам пайда болады.

Шавкат РАХМОНОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФАЙТЕР:

Маған бірінші кезекте жеңу керек бұл жекпе жекті. Мен ойлаймын әрдайым қолдан келгенше досрочно жеңуге тырысамын. Мен жақсы дайындалдым. Көреміз Джефф Нил не көрсететінін. Мен бәріне дайынмын.

WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасса, жеңіске жетеніне сенімді. Спортшы Instagram парақшасында "Канеломен бой қашан?" деген жанкүйерлердің сұрағына жауап берді.

Канело туралы сұрақ өте көп екен. Канеломен кез келген уақытта шығуға дайынбыз. Тактикалық тұрғыдан да, техникалық тұрғыдан да дайынмын. Уақыты келсе, Алла орайын келтірсе, онымен жұдырықтасатын күн де алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де сол күнді асыға күтіп жүрмін. Құдай қаласа, бір раундта үш рет құлатамыз!

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. 16 жастағы қарағандылық Португалияда өткен жарыста жеті қарсыласынан айласын асырды.