Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

06.03.2023ж. 20:00
1098
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Сенат төрағасы Президентке жоғарғы палатаның заң шығару қызметі туралы баяндады. Сот жүйесін реформалау және процессуалды заңнаманы жетілдіру жұмыстары туралы да ақпарат берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Сенатта жұмыс тобы құрылған. Бұл топ 60-тан астам отырыс өткізіп, 350-ге жуық ұсыныс жинаған. Екі заң жобасы әзірленді. Алдағы кезеңде 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауды, Әлеуметтік кодексті, сондай-ақ, әкімшілік реформа, адам құқықтары және азаптаулардың алдын алу, мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заң жобаларын қарастыру жоспарланып отыр.