Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбылдық жастар жемқорлыққа қарсы жиын өткізді

AstanaTV
06.09.2016ж. 20:00
3505
Жамбылдық  жастар жемқорлыққа қарсы жиын өткізді

«Жастар жемқорлыққа қарсы». Осындай ұран аясында Жамбыл облысында арнайы шара өтті. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, жастармен кездесу ұйымдастырды. Ол «Жастар бойында жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру жолдары» деген тақырыпта өтті.

Басқосуға жастар ресурстық орталығының өкілдері де қатысып, жемқорлықты жою жолындағы шараларға тоқталды. Сыбайластықпен күрес төңірегінде жергілікті халықтың ой-пікірін білу мақсатында түрлі сауалнамалар жүргізген.

Жасұлан Үсенбаев, Жамбыл аудандық әкімдігі жастар ресурстық орталығы КММ директоры:

Аудандағы мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық мәселесі қаншалықты өзекті?» дегенге 34,7 пайызы «Кеңінен тараған» десе, 42,3 пайызы "Жемқорлық бар, бірақ оның көрінісі мардымсыз", 15,2 пайызы «Сыбайлас жемқорлық мәселесі орын алмаған» деген жауапты таңдаған.

Жемқорлықты жою бағытында аудан бойынша арнайы комиссия жұмыс істеуде. Шара барысында жастар "қоғамның жегі құртына қарсы тұруға" деген жігерін байқатты. Жиынды  ашық пікірталас алаңына айналдырғанына партия белсенділері де риза. Өршіл жастар - өткір сұрақтар қойып, билік тармағындағы азаматтардың арсыз қылықтарына талдау жасады. Ал нұротандықтар жемқорлықпен күрес барысына қадағалау үшін келешекте қоғамдық бақылау күшейе беретінін айтты.

Рүстем Бейгалиев, Жамбыл ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрағасы: 

Облыс әкімдері сыйбайластыққа барып жатыр. Осы туралы ой-пікірлерін айтып жатыр. Осы кездері кейбір облыс басшылары жасаған әрекеттері үшін, 1-2-3 жылға жетпей бостандыққа шығып жатыр. Осы осалдық емес пе, заңды қатайтса, деген пікірлерін ашық айтып жатыр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ