Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандылық оқушы қыз Американың бірнеше университетінен оқуға шақырту алды

AstanaTV
07.03.2023ж. 10:47
1071
Қарағандылық оқушы қыз Американың бірнеше университетінен оқуға шақырту алды
Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Адина Жайлова Американың үздік төрт университетіне оқуға шақырылып, оның таңдауы Джон Хопкинс университетіне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адина 12-сыныпта оқиды. Ол бірнеше әлемдік жоғары оқу орнына өтінім жіберіпті. Нәтижесінде Джон Хопкинс университетіне (John Hopkins University), сондай-ақ Питтсбург (University of Pittsburgh), Мичиган штатындағы (Michigan State University) және Бостондағы (Northeastern University) университеттерге оқуға шақырту алды.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "John Hopkins University университетінде іріктеуден өту өте қиын. Жыл сайын оған 30 мыңнан астам адам түсуге тырысады, бірақ үміткерлердің тек 6% ғана өтеді. Бұл АҚШ-тағы оқыту мен ғылымды біріктірген алғашқы оқу орны. Джон Хопкинс университетінің түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар".

Адина Жайлова университетте биохимияны оқығысы келетінін айтады. "Менде екінші курстың соңында мамандық туралы шешім қабылдауға мүмкіндігім бар. Қазақстанда ғылымның дамуына өз үлесімді қосу үшін PhD алуды жоспарлап отырмын",-дейді.