Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада журналист Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті

06.03.2023ж. 20:00
1469
Елордада журналист Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті

Елордада Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті. Шара Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне орай ұйымдастырылған. Турнирге марқұмның көзін көрген үзеңгілес достары мен әріптес бауырлары қатысты. Ал сайысқа ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы қазылық етті.

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, ЖУРНАЛИСТ, АРДАГЕР ЖАЗУШЫ:

Өмір бойы ортамызда қатар жүріп қызмет істедік, Жолдасбек Дуанабай деген азаматпен. Соның атына мынадай жарқыратып жарыс өткізіп жатқанына мен қол шапалақтаймын.

Қалам ұстаған 48 үміткер 2 санат бойынша бақ сынады. Әр категорияға үш бағалы жүлде тағайындалған. Одан бөлек, белсенді қатысушыларға да арнайы сыйлықтар берілді. 55 жасқа дейінгілердің арасында журналист Нұрділдә Ораз үздік деп танылса, Еуразия Ұлттық Университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ 55 жастан үлкен санаттағылардың арасында бірінші орынды жеңіп алды.

Қайнар ОЛЖАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖУРНАЛИСТ:

Өте жақсы көңіл күймен келдік. Өйткені мына журналистер қауымы бірауызды болуы керек, бір-бірін қолдау керек, бір-бірін ұмытпау керек, бір-бірін қадірлеу керек, бір-бірін қастерлеу керек. Жолдасбек Дуанабай тақырып қойған кезде, ана мақаланы амал жоқ әркімнің оқығысы келіп тұратын. Жолдасбектей мінезі дархан азамат бізде сирек болатын.