Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері 16 наурызда пікірсайысқа шығады

07.03.2023ж. 20:00
1083
Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері 16 наурызда пікірсайысқа шығады

Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері 16 наурызда пікірсайысқа шығады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында айтылды. Теледебат 3 кезеңнен тұрады. Әр раундта 2 тур болады. Алғашқысы – партияның таныстырылымы. Екіншісі – пікірсайыс сессиясы. Мұнда қатысушылар қарсыластарына бір сұрақ қояды және бір сұраққа жауап береді. Екінші раундта сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, сайлаушылардың сұрағына жауап береді. Үшінші раундта сайлаушыларға үндеу айтып, қарсыластарына сауал жолдай алады. Қазақстандықтардың сауалдарын жинайтын арнайы колл-орталықтар ұйымдастырылады.

Анастасия ЩЕГОРЦОВА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Аманат» саяси партиясынан – Қошанов Ерлан Жақанұлы; «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан - Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы; «Respublica» партиясынан – Ходжаназаров Айдарбек Асанұлы; Қазақстан Халық партиясынан – Ертісбаев Ермұхамбет Қабиденұлы; Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан - Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы; «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясынан - Перуашев Азат Тұрлыбекұлы; «Жалпыұлттық Социалдық Демократиялық Партиясынан» - Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өңірлерде сайлаушылар тізімінде 230 Call-орталық және өзін-өзі тексерудің онлайн-сервистері ұйымдастырылды. 17 мыңнан астам өтініш, оның ішінде сайлаушылар тізіміне түзету енгізу мәселелері де қабылданды.