Түркияның Кайсери қаласында 6 минут ішінде қатарынан үш рет жер сілкінісі болды.
Бірінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:47-де тіркелді. Зілзала ошағы Инжесу округінен анықталды.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,7, 4,4 және 4,3.
Сол маңдағы бір елді-мекенде топырақ көшкіні байқалған.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әлі ақпарат келіп түспеген.
Айта кетсек, БҰҰ Түркиядағы жер сілкінісінен болған залал көлемі 100 миллиард доллардан асуы мүмкін деп мәлімдеді.