Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Кез келген уақытта болуы мүмкін": "Қазселденқорғау" мен ТЖД қар көшкіні қаупі барын ескертті

AstanaTV
09.03.2023ж. 10:50
1789
"Кез келген уақытта болуы мүмкін": "Қазселденқорғау" мен ТЖД қар көшкіні қаупі барын ескертті
Сурет: Алматы облысы ТЖД

"Қазселденқорғау" ММ және ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қазақстандықтарға жақын күндері қар көшкіні жүру қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қар көшкіні әрекетінің ең қауіпті кезеңдері – қыстың басы мен көктемнің басы.

Наурыз – өздігінен қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең (осы уақытта жағдайлардың шамамен 85% тіркелген). Қар көшкіні тәуліктің кез келген уақытында болуы мүмкін, бірақ көбіне күндізгі уақытта болады.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ профилактикалық бөлімінің басшысы Бауыржан Әбішев

Қар көшкінінің пайда болуына және түсуіне ең әуелі қардың жаууы немесе тау беткейлерінде қардың көп мөлшерінің шоғырлануы (боранның тасымалдауы), еру мен жаңбыр, жер сілкінісі, температураның күрт өзгеруі (температураның ауытқуы), сонымен қатар тау бөктеріндегі қарды шаңғышылар, туристер, жабайы аңдар және тағы басқалары кесіп өтуі әсер етеді.

2023 жылы тек наурыз айында жалпы көлемі 373 мың м3 болатын 35 қар көшкіні тіркелсе, бүгінде (7 наурызда) көлемі 8 мың м3 болатын 10 қар көшкіні түсіп үлгерді.

Қар көшкінінің ең жоғары ықтималдығы Іле Алатауы жотасының тау беткейлерінде (Алматы қаласы) және Алтай тауларында (ШҚО) болуы мүмкін. Қазір қардың қалыңдығы норма шегінде немесе нормадан асып түскен.

Қазіргі қар көшкіні кезеңінде Алматының таулы аймақтарында өздігінен жүретін көшкіндердің ең көп саны тіркелді. Қазгидрометтің 8 наурыздағы дауылды ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында 9 наурызда таңертең және түнде тұман болады.

Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" ММ-нің №6 дауылды ескертуіне сүйене отырып, 8-10 наурыз аралығында жылымық, қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына және бассейндердегі қатты жауын-шашын болжамына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін.

Қар басқан беткейлерге бару ұсынылмайды, тауда серуендеуден бас тартқан дұрыс.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 9 наурызда Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялаған еді.