Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде баспана бағасы өсті

09.03.2023ж. 20:00
633
Елімізде баспана бағасы өсті

Елімізде баспана бағасы өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жаңа тұрғын үйді сату – 14, пәтерді қайта сату – 13 процентке қымбаттаған. Әсіресе Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай қалаларында үй құны шарықтап тұр. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы да 33 процентке өскен. Жалдамалы баспана ақысы қымбат қалалардың қатарында Көкшетау, Қостанай, Алматы, Петропавл көш бастайды.

ПӘТЕРЛЕРДІ ҚАЙТА САТУ ҚҰНЫ ӨСТІ:

Семей – 41%

Қызылорда – 39,9%

Ақтөбе – 36,9%

Ақтау – 35,4%

Қостанай – 30,9%

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛҒА АЛУ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАДЫ:

Көкшетау – 53,7%

Қостанай – 51,9%

Алматы – 49,6%

Петропавл – 49,3%