Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағандыда көктайғақ салдарынан бір тәулікте 500-ден астам адам жарақат алды

10.03.2023ж. 20:00
856
Қарағандыда көктайғақ салдарынан бір тәулікте 500-ден астам адам жарақат алды

Қарағандыда көктайғақ салдарынан соңғы бір тәулікте 500 ден астам адам жарақат алды. Көшеде аяқ- қолын сындырғандардың көбі- әйелдер мен балалар. Олардың 250-і облыстық травматологиялық орталыққа жеткізіліп дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Көбісінің аяқ- қолы сынған, сіңірін созып алған. Қол-аяғын үсітіп алғандар да бар.

Ерік ШОНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Айта кету керек, сынықпен, түрлі жарақаттармен түскен науқастардың арасында ішімдік ішкен әйелдер көп болды. Көшеде абайсызда құлап қалған. Әдетте тұрғындар жарақат алса немесе қол-аяқтарын үсітіп алса дер кезінде дәрігерге қаралмайды. Уақытын өткізіп әбден асқынған соң келіп жатады. Бұл дене мүшесінен айырылуға әкеліп соғуы мүмкін.