Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тобыл өңірінде бірнеше ауылдың жолы қардан аршылмай жатыр

10.03.2023ж. 20:00
855
Тобыл өңірінде бірнеше ауылдың жолы қардан аршылмай жатыр

Қостанай облысындағы Меңдіқара мен Федоров ауданына қарасты бірнеше ауыл қар құрсауында қалды. Тұрғындар қарды өздері күрекпен аршуға тырысуда. Алайда тоқтаусыз соққан боран салдарынан аршылған жер қайта жабылып қалуда. Ал әкімдер техника жетпейді дейді. Өңірден-Заңғар Санай.

Қарамай ауылында 10 үй бар. Арнайы техника 1 шақырымға жуық жердегі күре жолды аршып, ауыл ішіне кірмей кетеді. Соның салдарынан округ орталығындағы мектепке қатынайтын балалар бірнеше күннен бері сабақты қашықтан оқып жүр. Ауыл әкімі көшені тазалауға техника жетіспейтінін айтады.

Марина БУГУШЕВА, ЛОМОНОСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған проблема ғой. Жол аршылып жатыр. 1 шақырым жер. Тіпті одан да аз.Тұрғындар күре жолға жаяу да жете алады.

Федоров ауданындағы Қоржынкөл, Лесное ауылына апаратын жолдарды да қар басқан. Тұрғындар көліктерін жол бойына қалдырып 11 шақырым жерге жаяу баруға мәжбүр.

БЛИЦ:

- Үш күн бұрын жұмысқа бардым. Ертең тағы баруым керек.Әлі үйіме жете алмай жүрмін. Жол жоқ.Бір рет жол аршыды.Қайта басып қалды.

- Сегізінші наурыз күні жолға шықтық. Содан бері қаңтарылып тұрмыз.

Тобыл өңірінде төрт-бес күннен бері қарлы боран соғып тұр. Мердігерлер қарды тазалап үлгермей жатыр. Жергілікті шаруалар да техникаларын шығарған.

Жасұлан ӘЙМЕНОВ, ФЕДОРОВ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін қарлы боран.Таңертең жолды басып қалуы мүмкін. Сондықтан тағы аршуға кірісеміз. Мердігерлерге жергілікті шаруалар көмектесіп, техникаларын беріп жатыр.

Бөлім басшысы қалың қарды аршуға басқа да мекемелерді жұмылдырамыз деп отыр. Сондықтан шұғыл тендер жарияланған көрінеді.