$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

AstanaTV
09.09.2016ж. 20:00
2150
Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Астана қаласының 2016-18 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу қаралды. Сонымен қатар әкімдіктің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу мен қосымша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету де бар. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелері мен ондағы нысандарды сатып алу жайы да назардан тыс қалмады.

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Бюджеттегі қаражаттың игерілуіне мониторинг жасалып, елорданың дамуына бағытталатын қаражатты  қайта бөлу жүзеге асырылды. Шынын айтсам, бұл іске байланысты жиында келіспеушіліктер де болды. Барлық сұрақтың жауабы толық табылды деп айта алмаймын. Бірақ біз шешімін табу керек негізгі мәселелерді іріктеп алдық.

Сонымен бюджетті қайта қарастырудың нәтижесінде бірқатар салаларға қомақты қаржы жұмсау көзделеді.

Атап айтқанда, әкімшілік аппаратына - 60 млн теңге, жарықтандыру мен жол жөндеу жұмыстарына - 500 млн теңге сондай-ақ кәріз жүйесін жетілдіруге - 300 млн теңге қаралмақ. Жалпы елімізде орын алған экономикалық жағдайдың жай жапсары белгілі,- деді қала басшысының орынбасары. Айтуынша, меншікті кірістің көлемін шамамен 8 жарым миллиардқа арттыру ұсынылады. Сессия барысында шаһардың әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуде түрлі бастамаларды қолға алу керектігі айтылды.