«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі өтіп жатқан сайлауда таңдауын жасап, сайлау туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сайлау өте жақсы ұйымдастырылған. Барлығы жоғары деңгейде. Халықтың белсенділігі өте жоғары. Біз үгіт-насихат жұмыстары аясында өңірдердің барлығын аралап келдік. Сол кезде де халықтың белсенді екенін, саяси өмірге араласуға белсенділігін , өзінің тағдырын өздері шешуге деген құлшынысын байқадық. Бүгін соның көрінісін көріп отырмыз, - деді «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, елордадағы "Қазақстан темір жолы" ғимаратындағы №110 сайлау учаскесінде 2229 сайлаушы тіркелген. Осы уақытта сайлау учаскесінде 49 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді.