Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлытаулықтар жаңадан сайланатын депутаттар өңір мәселелерін шешеді деп сенеді

19.03.2023ж. 12:00
597
Ұлытаулықтар жаңадан сайланатын депутаттар өңір мәселелерін шешеді деп сенеді

Жаңа Ұлытау облысында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Оған, әрине, аймақтың жаңа мәртебесі себеп. Дәл қазір сонда жүрген тілшіміз Айжан Қуашқа сөз берейік.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Мен қазір Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласындағы ең үлкен сайлау учаскелерінің біріндемін. Бұл өңір былтыр ғана жеке аймақ мәртебесін алды. Сондықтан аймақ жұртшылығы үшін саяси науқанның маңызы зор. Халық Жошы, Алаша ханнан бастап ұлы қазақ даласының тарихи мекені Ұлытау облысының мәдени-әлеуметтік, туристік дамыту жоспарларынан нақты нәтиже күтеді.

Бүгін 140 мыңнан астам сайлаушы 134 сайлау учаскесінде дауыс беруі тиіс. Небәрі 227 мың халық тұратын аймақта 255 кандидат депутаттыққа үміткер ретінде ұсынылған. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, металлург тіпті қарапайым жұмысшы да бар.

Динара ХАБАРОВА, ҚР ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ:

Бізде Жезқазған, жалпы Ұлытау облысында сын көтермейтін мәселелер өте көп. Сол мәселелерді қозғаған кандидаттарымыз бар. Сондықтан мына Мәжіліс депутаттығына сайланатын кандидаттарымыз келешекте осы Ұлытау облысының гүлденуіне өз үлесін қосады деген сенімдемін.

Сайлаудың заңды өтуін мұнда да байқаушылар қадағалап отыр. Осы сағатқа дейін заң бұзушылық болған жоқ.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Комиссия мүшелері түстен кейін участокқа келе алмайтын азаматтардың үйлеріне арнайы жәшік апарады.