Астаналық сайлаушылардың белсенділі арта түсуде. Түстен кейін келіп, дауыс беріп жатқандар өте көп. Елордадағы сайлау учаскелердің бірінен әріптесім Сүндет Оралбеков қазір ақпарат береді.
Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ:
Мен дәл қазір 1-ші сайлау учаскесіндемін. Осы уақытқа дейін сайлаушылардың 3-тен 1-і өз таңдауын жасап үлгерді. Халықтың белсенділігі өте жоғары екені байқалады. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі. Дауыс берушілердің арасында Серікзат Дүйсенғазы да бар.
Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ «ТЕЛЕРАДИО ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Көңіл-күй тамаша. Себебі, біздің елімізде үлкен науқан. Бұл науқанның мәні бар, маңызы бар. Себебі, бұл демократиялық кезеңге өтудің үлкен қадамы. Конституциялық реформа жасалды. Сол реформадан кейін жасалып жатқан парламентімізге және маслихатымызға алғашқы сайлау. Бұл сайлаудан кейін үлкен өзгерістер болады деп сенеміз.
Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ:
Әр учаскеде сайлау науқанын тәуелсіз байқаушылар қадағалауда. Олардың арасында түрлі партия мен қоғамдық ұйым өкілдері бар.
Сұлтан ЫСҚАҚОВ, №1 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:
Орталық сайлау комиссиясының бекіткені бойынша әрбір учаскеде 11 адамнан бекітілген. Төраға, төраға орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері. Бекітілген сан бойынша 3231 сайлаушыға арналған бюллетень берілген.
Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ:
Астана қаласы бойынша 416 сайлау учаскесі құрылған. Оның ішінде тіркеуде жоқ азаматтарға арналған 34 учаске жұмыс істеп тұр. Онда әртүрлі себептермен тұрғылықты мекенжайға тіркелмеген адамдар дауыс бере алады.