$484.19 €524.28 ₽5.03
×

«Аш адамдар»...

AstanaTV
10.09.2016ж. 20:00
3152
 «Аш адамдар»...

«Қорғас» халықаралық шекаралық қатынастар орталығының президенті Василий Нидің 1 млн доллар пара алып жатқан жерінен ұсталғаны хабарланғанда «масқара» деген ешкім жоқ. Ащы күлкі туғызатыны - осы халықаралық бекетте қаншама адам ұсталып, сотталса да, парақорлық пен жемқорлықтың ауыздықталмайтынында.

 «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы қонақүй кешенін салуға жариялаған байқаудың жеңімпазы деп өзін тануы үшін «Т. Хоргос» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік Ниге миллион доллар ауызбастырық берген. Ни 2 айға қамауға алынды. 

Ерлан Егеубеков, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  ұлттық бюросының ОҚО Бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Жаңажол ауылдық аймағының әкімі Сатыбалдиев -500 мың теңгемен, «Атакент ауылдық аймағының әкімі Алиев -900мың теңгемен, Еңбекші а/о. әкімі Ибрагимов -450 мың теңгемен, Жамбыл а/о әкімі Қалдыбаев -490 мың теңгемен, Иіржар а/о әкімі Тұршаев -630 мың теңгемен, Мырзакент а/о әкімі  Ерімбетов -660 мың теңгемен пара беру үстінде ұсталып,  қазіргі таңда  Мақтарал аудандық  ІІБөлімі басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында 7 ауылдың әкімі де парамен ұсталған.

Лауазымды тұлғалар мектепке дейінгі мекеме басшыларымен бірігіп, тәрбиеленушілердің жалған тізімін жасаған. «Бір баланы бірнеше балабақша тізіміне енгізіп, бала санын қолдан көбейткен. Осылайша жұмсалатын шығын көлемін өсірген»,- дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері.Шенеуніктер  «Балапан» сияқты мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражаттың 100 млн теңгеден астамын жымқырған. Қазір 7 ауыл әкімі мен бір есепші уақытша қамауда отыр. Ал өзге  балабақшалардың есепшілері мен құрылтайшыларының ісі тергеліп жатыр.

Олар қылмысын жасыру үшін тексеру органына 4 млн теңге пара да ұсынған.

Ерлан Егеубеков,  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Сол фактіні сотқа жібермеу үшін, сол фактіге қудалау жүргізбей үшін біздің қызметкерлерге пара беріп отыр аталған суммаларға.

7 ауылдың әкімі парамен ұсталып жатқасын, аудан әкіміне сауал қоймаймыз ба, ол қызметке жақында тағайындалған болып шықты.

Ғалым Исмаилов, ОҚО, Мақтарал ауданының әкімі:/телефон арқылы

Менің келгеніме қазір бір-екі апта болды бұл жерге, біріншіден. Екіншіден, бұл жерде маған официально олар не үшін неғылғанын маған официально қағаз берген жоқ. Правохранительный органдар қағаздарын берсін, содан кейін айтам. Басқа ешнәрсе  айта алмаймын.

 Сатирик Мұхтар Шерімнің Абай.кз-те "Жей берсін" деген сарказмға толы әңгімесі шықты: "Аш адамдарға "жегеніңіз дәмді болсын, өміріңіз мәнді болсын" деп тәтті тілек айтудың орнына  сыртынан өсектейміз, немесе түрмеге тоғытып, өтектейміз... Кім не жемей жатыр? Жегендерді бірінші көргендей таңданасыздар келіп... ". Айтып жүрміз, қазір адамдар күйінбейді, күледі. Жарайды, ащы күлкіні тыйсақ, парақорлар мен жемқорлар Жаратушыға сене ме, Алладан қорқа ма? Олардың Құранды тыңдағанда арқасы шымырлай ма? Олар жұма намазға не үшін барады? Олар Құрбан Айтта құрбандықты не үшін шалады?

 Дүйсенбіде басталатын Құрбан Айт мерекесінде іштерінен «кешіре гөр» деп отыратын шығар.