$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Кімдерге Ораза ұстамауға болады?

AstanaTV
22.03.2023ж. 11:08
1733
Кімдерге Ораза ұстамауға болады?

Шариғатта созылмалы ауруға шалдыққан немесе шамасы келмейтін адамдарға Ораза ұстамауға рұқсат етіледі,-дейді  ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.

ҚМДБ өкілі қандай жағдайда Ораза ұстамауға рұқсат етілетінін айтты-деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

"Підия деген нәрсе бар. Ораза тұтуға шамасы келмеген адам (береді - еск.). Тура түсіну керек. Підияны беріп, Ораза тұтпай қоямын деген нәрсе жоқ. Ораза кезінде адам үш сыныпқа бөлінеді. Бір адам дені сау, мүсәпір емес. Ұл ма, қыз ба, оған Ораза тұту - парыз. Екінші бір адам - ауру, уақытша ауру, тұмау. Ораза тұтса, ауруы күшейіп кетеді. Бұл адамға Шариғат рұқсат беріп жатыр. Сол күні аузын ашып, кейін Ораза тұта берсе болады. Жүкті әйел, емізулі әйел - бәрі осы сыныпқа кіреді. Ораза тұтуға шамасы келмейтін ата-әжеміз, созылмалы ауруға тап болған адамдар підия береді. Підия - ертелі-кеш бір адамды тамақтандыру. Жағдайы бар ауқатты адамға 3 мың теңге. Жағдайы келмей тұрғандар, ата-әжелеріміз, зейнетақыға қарап отырғандар пітір садақаны, яғни 535 теңгені 30-ға көбейтіп, соны берсе, олардың мойнынан түседі", - деді Сансызбай Құрбанұлы.

Айта кетейік, биыл Ораза 23 наурызда басталады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеген болатын.