Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандылық Наурыз мейрамын тойлау кезінде қошқарды 110 рет көтерген

AstanaTV
22.03.2023ж. 11:38
786
Қарағандылық Наурыз мейрамын тойлау кезінде қошқарды 110 рет көтерген
Сурет: inkaraganda.kz

Қарағандыда Шыңғысхан Батырхан Наурыз мейрамын тойлау кезінде қошқарды 110 рет көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Индустриальная Караганда" басылымының жазуынша, Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда мықтылар мен епті ерлер арасындағы жарыс өтті.

Жас жігіттің осы сынақтан кейін жүруге күші қалмаған. Тізесі дірілдеп, сөйлей алмай қалған.

Сонымен бірге кір көтеруден жарыстар өтті.

Байқаудың барлық жеңімпазы мен жүлдегеріне ет, құрт, тәттілер түріндегі бағалы сыйлықтар табыс етілді.