$474.26 €514.48 ₽5.43
×

Бірнеше өңірде ескерту жасалды

AstanaTV
22.03.2023ж. 18:40
702
Бірнеше өңірде ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елдің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 1-6 градус жылы күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жабысқақ қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9, облыстың солтүстігінде 1 жылы.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы болады.