Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

AstanaTV
26.03.2023ж. 19:10
1255
Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған. Жергілікті тұрғындар қыздың денесін судан алып шыққан.

Оқиға орнына Түркістан облысының және Шымкент қаласының ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері барды.