Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады

AstanaTV
29.03.2023ж. 10:10
647
Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы, америкалық Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

OptaAce сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Елена Рыбакина соңғы төрт матчта 10 және одан көп эйс жасады.

Осылайша, ол Серена Уильямстің 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатындағы бірегей нәтижесін қайталады.

Қазақстандық теннисші Майами мастерс додасында Анна Калинскаямен бәсекеде 14, Паула Бадосамен матчта 12, Элиза Мертенспен өткен ойында 10 эйс жасаған еді. Соңғы Мартина Тревизанмен жекпе-жекте тағы 10 эйске қол жеткізді.

Қазақстанның үздік теннисшісі Майами жарысының жартылай финалына шыққандығы жөнінде былайша пікір білдірді.

«Әрине, маған ешқандай қысым жоқ. Мен мұның өте күрделі екендігін, ойыншылардың бәрі бірдей оған шыдас бере алмағанын білемін. Оның үстіне бір ойында матчболдан құтылдым, сондықтан мен шынында да жеребе туралы ойламаймын. Маған тек матчқа бар зейінімді салу керек, ал қарсылас күшті. Әрине, тамаша табысқа қол жеткізген жақсы, дегенмен оған әлі алыс», - деді Е.Рыбакина.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-орында тұрған ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен таласады.