Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанның ақылы жолдарында жылдамдықты бақылау камералары орнатылады

AstanaTV
28.03.2023ж. 23:26
938
Қазақстанның ақылы жолдарында жылдамдықты бақылау камералары орнатылады

ҚР Индустрия министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков ведомствоның еліміздегі барлық ақылы жолдарды жылдамдықты бақылау камераларымен жабдықтау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілінің айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарда жүріп келе жатқан көліктердің жылдамдығын түсіретін бейнекамералар орнатыла бастаған. Негізінен ақылы жолдарда.

Амангелді Беков:

Бүгінде бізде 2200 шақырым ғана ақылы жол бар. Енді осы камераларды жылдамдықты өлшеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Біз оларды Ішкі істер министрлігімен байланыстырғымыз келеді. Камера жүргізушінің жылдамдығын көрсетеді. Бүгінде Астана – Бурабай тас жолындағы осындай камералар жылдамдықты асырғандарды тіркеп жатыр. Жүргізушілерге айыппұл түсіп үлгерді.

Ол жоба аясында 25 мың шақырым жолдың 11 мыңын ақылы ету жоспарланғанын еске салды. Демек сол 11 мың шақырым жолда бейнекамералар болады. Республикалық тас жолдарды бейнебақылаумен жабдықтау 2030 жылға дейін жалғасады.

Амангелді Беков:

Жол-көлік оқиғасының басты себебі - жол жүру жылдамдығын сақтамау. Өздеріңіз білетіндей, Астана-Бурабай тас жолында барлық камера жұмыс істейді. Онда жылдамдық сағатына 140 шақырымнан аспайды. Бірақ жолаушылар 180 және 200 шақырымнан асыра жүреді. Екінші санатқа рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 100 км-ден аспайды. Бірақ олар сағатына 120, 140, тіпті 150 км-ге дейін жетеді. Сондықтан бұл камералар жылдамдықтың сақталуын бақылайды.