Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды - Тоқаев

AstanaTV
29.03.2023ж. 10:21
844
Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 «Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалғанын атап өтті.

«Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды», - деді ол.