Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Адам саудасына тосқауыл қою үшін заң қабылданады

AstanaTV
29.03.2023ж. 20:00
1288
Адам саудасына тосқауыл қою үшін заң қабылданады

Адам саудасына тосқауыл қою үшін заң қабылданады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау саласындағы бұл күрделі мәселеге қатысты да тапсырма берді. Оған отандық сарапшылар, заңгерлермен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері де атсалысады.

Тлеужан КІШКЕНЕБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Қазақстан Республикасында қылмыстық кодекстің 128 бабы, яғни, адам саудасына қатысты заң бар. Бірақ, өкінішке орай әлсіз болып отыр. Олай деуімнің себебі, қоғамда қазір өзекті мәселе адам саудасы болып отыр. Балаларды сату, адамды құлдыққа сату деген сияқты. Осыған байланысты Президентіміздің заңды күшейту туралы ұсынысы өте орынды.

Сонымен қатар, Президент барлық азаматтар сотта өз құқығын қорғау үшін сапалы заң қызметтеріне бірдей қол жеткізуі керек деді. Сондықтан адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру қажет. Мұнда кәсібилігі жоғары және ақшаға сатылмайтын судьялар корпусын қалыптастыру шешуші рөл атқарады деді. Сондай-ақ, адвокаттардың рөлін арттырып, оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз беру керек екенін айтты.

С. Оралбеков