Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мәдина Сәдуақасова семіріп кетті

AstanaTV
30.03.2023ж. 16:01
1194
Мәдина Сәдуақасова семіріп кетті

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова артық салмақтан арылуға бел буды. Ол өзінің инстаграм парақшасында семіріп кеткендігі туралы жазған. Әнші жаңа образда суретке түсіп, жүктеген. Өзінің артық салмақтан арылу үшін итімен жүгіруді бастапты.

«Соңғы кездері бізде той өте көп болып кетті, білесіздер. Енді салмақ қуу басталды менде. Айтпақшы, Тик Ток әлеміне кірсем, қалай? Қызық па ол жақ? Жазыңыздар, жүгіріп жүріп коммент-кеңестеріңізді оқимын», - деді.


Оқырмандары пікірді қарша боратты. Әншінің киген киіміне, тұрысына қатысты жазылған сын көп.