Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Екі жылдан кейін жасанды жолмен жүкті болдым», - тұрғын

31.03.2023ж. 20:00
682
«Екі жылдан кейін жасанды жолмен жүкті болдым», - тұрғын

Елімізде әрбір алтыншы жұп бала сүйе алмайды. Соның салдарынан ЭКО-мен бала көтеретіндердің қатары көбейген. Олардың дені 30-дан асқан келіншектер дейді дәрігерлер.

Айнұрдың тұрмыс құрғанына екі жыл болған. Бірақ бала көтере алмапты. ЭКО әдісіне жүгініп көрді. Нәтижесін берді. Қазір қуанышы қойнына сыймай, нәрестесін асыға күтіп жүр.

Айнұр, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әртүрлі анализдерімізді тапсырып. Очередьке қойды сол мезетте. Үш айдан кейін шақырып звандады. Сіз уже ЭКО-мен көтере аласыз деп. Сөйтіп, Құдайға шүкір, көтердім. Құдайға шүкір, 1 айым қалды, сосын босанамын.

Биыл ЭКО жасатуға 7 мың мемлекеттік квота бөлінген. Ол бәріне бірдей берілмейді. Талабы бар. Ана бақытын сезініп, сәби сүйгісі келетіндер алдын ала дайындықтан өтеді.

Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ, ЖУРНАЛИСТ:

Бір әйел үш рет салғаннан кейін ғана барып 25 аптада яғни, аяғы ауыр. Биылға біз алты келіншек және алты келіншектен бөлек алты келіншекке қазір ем дом шаралары жүріп жатыр. Алты келіншектен бөлек 15 келіншекті қадағалауға алғалы отырмыз. Сонда биыл 20 дан аса келіншекке мүмкіндігіміз болып жатса тегін ЭКО жасатып беруге тырысамыз.

Ал дәрігерлер ерлер мен әйелдер арасында бедеулік-белсіздік көбейгенін жасырмайды. Күніне орта есеппен 50-60 адам қабылдайды. Келушілер ең алдымен арнайы мамандардың тексеруінен өтеді.

Ғибадат СУЛЕЕВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ:

Бедеулік қазіргі таңда 50-50 болып тұр. Ер кісінің бедеулігі де әйел кісінің бедеулігі де бір пайызда. Сол тексерістен өткізіп тексеру нәтижесі бойынша біз ВКГА дейміз яғни біздің аурухана ішілік кезекке қойылып екінші этап управлениядан келетін рабочая группа дейміз. Негізі кезекке тұрғаннан кейін жарты немесе бір жыл аралықта кезек келеді.

Бүгінде жасанды ұрықтандыру жолымен 30 мың сәби дүниеге келді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылып, бөлінетін қаржы да артып келеді.