Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Сәнге айналған маникюр қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін

31.03.2023ж. 20:00
1667
Сәнге айналған маникюр қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін

Дәрігерлер соңғы кезде сәнге айналған маникюр қатерлі ісік ауруын тудыратынын айтып, дабыл қағуда. Лакты ультракүлгінді сәулемен кептіру рак клеткаларын оятады дейді. Бірақ оған қарамастан, сұлулыққа жаны құмар қыздар бұл процедурадан бас тартар емес. Неге? Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбайдың бейнематериалында.

Гельді маникюр қатерлі ісікке, онымен қоса аллергия мен дерматитке әкеліп соғуы мүмкін. Бұл тұрғыда тырнақ бояйтын маманның кәсіби шеберлігі мен аспаптарының тазалығы өте маңызды. Егер ол өз ісіне салғырт қараса, әдемі жасалған маникюрдің соңы түрлі инфекциялық аурулар туғызады. Бірақ қыз-келіншектер бұл процедурадан бірден бас тартуға дайын емес.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қолды әдемі қылып көрсетеді ғой, сәндік үшін.

- Қолда әдемі көрінеді, ухоженный болады. Таңдаған түсі, дизайны бәрі адамға байланысты ғой.

- Өз-өзін күту сияқты ғой. Әдемі болсын деп.

Маникюр маманы тырнақ күтіміне көңіл бөлген дұрыс, бірақ жиі емес. Арасында тырнақты демалдырып отыру керек дейді.

Балжан АЙНАҚҰЛОВА, МАНИКЮР МАМАНЫ:

Маникюр қазір қыз-келіншектер арасында сәнге айналған. Ай сайын кәдімгідей бізге келіп жасатып отырады. Әрине, қазір ораза айында кішкене басылды. Дегенмен осы бір айдан кейін қайтадан басталады.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Тырнақты кептіргіш арнайы шамдар 50 градусқа дейін қызады. Әдетте кептіру уақыты 1-ден 7 секундқа дейін уақытты алады. Мамандардың айтуынша, бұл құрылғы тырнақ пластиналарының әлсіреуіне әсер етеді.

Рафаил РОЗЕНСОН, АЛЛЕРГОЛОГ-ИММУНОЛОГ:

Осы гель лак қолданған кездегі ултрафиолеттік ултракүлгін сәулелері ол рак қабаттарының келшекте өзгеруіне әкеліп соғып, кейін қатерлі ісікке әкеледі. Онкологиялық сараптамалар оны көрсетіп жатыр.

Дәрігердің айтуынша, маникюр жасап, түрлі инфекцияға шалдыққандар бар. Алайда қатерлі ісік диагнозымен ешкім тіркелмеген. Дегенмен бұл процедураны жасауда абай болуға кеңес береді. Бұдан бөлек тырнақты өсірсе, тырнаққа су өткізбейтін лак жағылса ғұсыл дәрет қабыл болмайды екен.

Ілияс ОТАРОВ, ИМАМ:

Тырнақ өсіп кетсе кісілердің, астына әртүрлі заттар жиналатын болса, дәретте кішкене күмән болады. Сондықтан тырнақты алып жүру керек, бұл Пайғамбарларымыздың сүннеті. Тырнақты бояуға қатысты, әрбір дәрет алғанда краскасын кетіріп, астына су жіберіп, сосын қайта бюяуына тура келеді.

Ал сән орталығының мамандары соңғы уақытта халал лактардың сатылымға шыққанын айтады. Жарнамасына сенсек, бұл бояулардың құрамында су өткізетін қоспалар бар. Ал имамдар дінімізде адамның саусағы күйіп қалса немесе зақым келген жағдайда ғана тырнақты жалғауға немесе сәндеуге рұқсат берілгенін айтады.