$499.51 €525.83 ₽4.62
×

БҚО-да екі адам экспедитордың 1,8 миллион теңгесін тонаған

AstanaTV
03.04.2023ж. 15:12
1030
БҚО-да екі адам экспедитордың 1,8 миллион теңгесін тонаған

Батыс Қазақстан облысында екі адам экспедиторды тонады. Оқиға 1 сәуірде Мичурино ауылында болды. Екі жас зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан сауда фирмаларының бірінен 1,8 миллион теңгесі бар пакетті тартып алды.

1990 жылғы жәбірленуші қаскөйлердің бетперде киіп, оны бетінен бірнеше рет ұрғанын айтты. Ақшаны алғаннан кейін қарақшылар ВАЗ 2115 көлігімен қашып кетті. Күдіктілер ұсталды.

"1996 және 1997 жылғы екі азамат қамауға алынды. Ұрланған ақша тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 - бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады полиция.