$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Түркістанда 1 келіден астам есірткіні үйінде сақтаған азамат ұсталды

AstanaTV
04.04.2023ж. 23:07
1114
Түркістанда 1 келіден астам есірткіні үйінде сақтаған азамат ұсталды

Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Күдіктінің үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі затына ұқсас 20 полиэтилен пакет орамасы тәркіленді.

Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады.

Қорытындыға сәйкес, әрбір орамадағы есірткінің шамамен 60-70 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.

"Олардың жалпы салмағы 1 келіден асатын марихуана есірткісі болып шықты. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деді ТО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Мади Қожамұратов.