Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Елімізде жұмыс істеп тұрған 68 сейсмикалық станса аздық етеді»,- сарапшы

05.04.2023ж. 20:00
840
«Елімізде жұмыс істеп тұрған 68 сейсмикалық станса аздық етеді»,- сарапшы

Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда құрылыс салушыларға қойылатын талап күшеюі мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Оның сөзінше, Түркиядағы жағдай көптеген елді сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қайта қарауға мәжбүр етті. Қазақстан да одан шет қалмайды. Ел аумағының 40%-дан астамы жер сілкінісі түріндегі табиғи апаттарға бейім.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Бақытымызға орай, өткен ғасырларда Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болған жоқ. Бірақ бұл «қол қусырып отыруға болады» деген сөз емес. Жақында бізге, Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымына Сейсмология институты берілді. Жыл соңына дейін 30-дан астам сейсмикалық станса іске қосылады. Бұл жер сілкіністерінің қаупін егжей-тегжейлі талдауға көмектеседі.

Қазір республика бойынша 68 сейсмикалық бақылау стансасы мен пункт жұмыс істеп тұр. «Бірақ бұл сейсмикалық ахуалды жақсартып, нақты болжам жасау үшін аздық етеді»,- дейді сарапшылар.

Жансая ДОСЫМБЕКОВА, «АЛМАТЫ» ОРТАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ОБСЕРВАТОРИЯ БАСШЫСЫ:

Стансалардың санын көбейту керек. Бұл жерде тек қана біз сейсмикалық бақылау жүргізбейміз. Сонымен қатар геофизикалық, гидрогеологиялық, биологиялық бақылаулар жүргізіп отырамыз. Және жердің қазіргі заманғы қозғалысын да зерттеп отырамыз.