Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қарағандыда 8 жасар бала полицияға педофилді ұстауға көмектесті

06.04.2023ж. 20:00
1325
Қарағандыда 8 жасар бала полицияға педофилді ұстауға көмектесті

Қарағанды қаласында педофил деген күдікпен ер адам ұсталды. Көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген балаларға ішімдік ішкен адам келіп, «кім 10 мың теңге алғысы келеді?» деп сұрайды. Артынша шалбарын шешіп, оларды жыныстық қатынасқа шақырған. Шошып кеткен балдырғандар жан-жаққа қаша жөнеліпті. Олардың арасында 8 жасар Арлан анасына жүгіріп барып болған жайтты баяндайды. Мұны естіген Мадина Әбдірахманова дереу 10 жастағы үлкен баласын ертіп, күдіктінің ізіне түсіп, полиция шақырған.

КУӘГЕР:

Біз ойнап жүргенбіз. Бейтаныс ағай келіп «Кім 10 мың теңге алғысы келеді?» деді. Бір бала «мен» деп еді шалбарын түсіре салды. Біз қорқып қаша жөнелдік, ол біздің артымыздан қуды.

Мадина ӘБДІРАХМАНОВА, КУӘГЕР:

Балам жүгіріп келіп ер адам жайында айтты. Астмасы бар, қатты шошыпты. Мен үстімде не бар, сонымен көшеге жүгіріп шықтым. Үлкен ұлым мен басқа балаларды ертіп алып ер адамды іздей бастадық. 1 сағат бойы байқатпай артынан жүріп отырып полицияға хабарладым. Оны ұстаған сәтте маған «тәте, мен сені тауып алып өлтіремін» деді. Бұл өте қорқынышты. Осындай адамдар бар ортамызда, оны қатаң жазалауды талап етемін.

34 жастағы күдікті уақытша изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оған қатысты ҚР ҚК–нің «кәмелеттік жасқа толмаған балаларға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетуге әрекет ету бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.