$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде өз үйінде пышақталған 13 жасар қыз есін жиды

07.04.2023ж. 20:00
1272
Ақтөбеде өз үйінде пышақталған 13 жасар қыз есін жиды

Ақтөбеде өз үйінде пышақталған 13 жастағы София есін жиды. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Жасөспірімнің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр, қаңағаттанарлық деп отыр. Ал полиция тергеу тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыскер әлі табылған жоқ. Тек бір отбасын түгел пышақтап тастаған күдікті үйге балкон арқылы кірген болуы мүмкін деген болжам бар. Еске салайық, 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлының мәйіті өз үйінен табылған болатын. Ал 5 жерден пышақталған қызы тірі қалып, полицияға хабарласқан. Ауруханада оған шұғыл операция жасалды. Егер барлығы жақсы болса, келер аптада үйге шығуы мүмкін. Жасөспірім нағашы әжесінің қамқорлығына беріледі.